Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады

Елде дельта штамның белсенді таралуы мен вакциналаудың қазіргі қарқынын ескерсек, пессимистік сценарий бойынша шілде мен қыркүйек айларында шамамен 400 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін.

Бұл орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 6 мың жағдайдан жоғары болмақ.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты осындай жаңа болжам жариялады. Ал екінші, реалистік сценарий бойынша осы аралықта шамамен 355 мың адамның ағзасынан жұқпалы ауру белгісі анықталуы ықтимал. Яғни орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 5,3 мың жағдайдан жоғары. Ал оптимистік сценарий бойынша алдағы 3 айда 330 мыңға жуық адамның ПТР тестілеуі оң нәтиже көрсетеді. Яғни орта есеппен тәулігіне 5 мыңға жуық адам вирус жұқтыруы мүмкін.