Пандемия жол-көлік оқиғаларына қалай әсер етті

COVID-19-ға байланысты 2020 жылы карантин және жолдағы шектеулер салдарынан жол апатының саны 2019 жылмен салыстырғанда 19% төмендеді және 13,5 мың оқиға тіркелген.

Алайда пандемияға байланысты жағдаяттар жол апаттарының азаюына бүкіл Қазақстан бойынша әсер еткен жоқ. Кейбір аумақтарда өткен жылы болған апаттар саны бұдан екі жыл бұрын болған апаттар санынан асып түседі.

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу жөніндегі комитетінің мәліметтерін талдап, ЖКО саны тәулік мезгілі ішінде қаншалықты төмендегенін анықтады. Сондай-ақ қандай ауа райы кезінде апатқа тап болу тәуекелі жоғары екенін айқындады.   

Жол апаттары көбінесе күндізгі сағаттарда болады. 2020 жылы 7891 оқиға тіркелген. 2018 жылмен салыстырғанда апаттардың жалпы саны 18% төмендеген. Демек, кейбір облыстарда апат саны 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсуі байқалады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында ЖКО 29%, 13% және 9% ұлғайған.

Ымырт мезгілде апаттар 3 есе азаяды. 2020 жылы 2535 апат тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 28% төмен. Нұр-Сұлтан қаласы және Қызылорда облысында 2020 жылы ЖКО саны 2018 жылмен салыстырғанда 47% және 28% өсуі байқалған.

Апаттардың ең төмен көрсеткіші түнде тіркеледі. 2020 жылы 1421 оқиға тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 46% төмен. Қатаң карантин кезінде көптеген аумақтарда апаттар саны түнгі мезгілде екі есе азайған. Алайда 2018 жылғы ЖКО статистикасы коронавирус кезеңінен төмен облыстары кездеседі. Бұл  Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Аталған аумақтарда ЖКО саны өткен жылы 6% және 5% өскен.

Жол апаттарына қандай ауа райы әсер етеді?

Жүргізушілерге жаңбыр, тұман және қар қауіпті болғанымен, апаттардың көбісі ауа райы ашық күндері болады: 2020 жылы – 10736 оқиға, ал 2018 жылы – 13 824 оқиға.

Ауа райы ашық кезде апаттар саны бойынша антирейтинг көшбасшысы – Алматы қаласы. Былтыр қалада 2983 ЖКО тіркелген, ал 2018 жылы – 3842 ЖКО. Ең аз апат Солтүстік Қазақстан облысында, 2020 жылы – 146, ал 2018 жылы – 135 оқиға.

Ауа райы бұлтты кезде ЖКО бойынша екінші орында: 2020 жылы – 511 оқиға, ал 2018 жылы – 994 оқиға. 2020 жылы ең көп апат саны Ақтөбе облысында болған - 77 оқиға. ЖКО бойынша көрсеткіштері нөл-Маңғыстау облысы және  Шымкент қ.  2018 жылы ЖКО саны бойынша, ауа-райы бұлтты кезде бірінші орында Алматы қ.– 180 оқиға. Ал ең аз апат бұл кезеңде Атырау облысында болған – 5 оқиға.

Қарлы ауа райы кезінде: 2020 жылы – 375 оқиға, ал 2018 жылы – 395 оқиға. Қарлы ауа райы кезінде ең көп жол апаты Оңтүстік астанада болған – 65. Шымкент қ. және Маңғыстау облысында бірде бір оқиға тіркелмеген. 2018 жылы апат саны бойынша бірінші орында Алматы қаласы – 119. Керісінше, ЖКО көрсеткіштері нөл – Маңғыстау облысы.

Былтыр жаңбыр кезінде 289 ЖКО тіркелген. 2018 жылы 1072 оқиға болған.

2020 және 2018 жылдары тұман кезінде апаттар аз болған – 45 және 93 оқиға. Былтыр ең көп жол апаты Қарағанды облысында тіркелген – 7 ЖКО. Ең апатсыз аумақтар: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Маңғыстау облысы. Бұнда бірде бір оқиға тіркелмеген. 2018 жылы апаттық оқиғалары бойынша бірінші орында Жамбыл облысы белгіленген – 27 оқиға. Тұман кезінде Шымкент қ. және Батыс Қазақстан облысында бірде бір ЖКО тіркелмеген.

Қазіргі сәтте карантин шараларын жұмсарту нәтижесінде жол жүру ырғағы орнына түсті. Жолда кептеліс басталды, апат саны өсті. 2021 жылдың 5 айы ішінде Қазақстанда 4,7 мың жол апаты тіркелген, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңінен 12,2% астам.  

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес биыл нарықта сақтандырушылар жалпы алғанда көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша 34,5 мың төлемдер, және КАСКО ерікті сақтандыру бойынша 5,7 мың сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған. 2020 жылмен салыстырғанда төлемдер атқару саны 17% және 28% ұлғайған.