Алматыда ер адам несие тарихы нашар азаматтарды алдаған

Алматыда 30 жастағы ер адам несие тарихы нашар азаматтарды алдады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оннан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес А.есімді ер адам несиелік тарихы нашар адамдарға бұл мәселені шешуді ұсынған. Өзінің жұмысы үшін ол қомақты сомманы сұрады. Аңқау адамдардың ақшаны төлеп, күте тұруынан басқа амалы жоқ. Ақшаны алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды. Қазір 10 алаяқтық фактісі дәлелденді. Сонымен қатар жәбірленушілер тек Алматыдан емес, Қазақстанның басқа да қалаларынан жүгінді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер алданған адамдар көп екеніне сенімді.

«Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауыңызды сұраймыз. Осы ер адамның әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202, 8-705-771-1371, 8-705-555-7763», – деді Есен Ысқақов.

Сондай-ақ...