424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа қаулы: жұмыс беруші екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбейді

  • 853
  • UPD: 15:59, 15.07.2021

Бүгін еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Енді елге ұшып келген қазақстандықтар сынама тапсыру үшін үш күнге оқшауланады. Сондай-ақ шеттен вирус жұқтырып келгендер инфекциялық стационарға ем қабылдауға жатқызылады.

Тағы бір өзгеріс, жұмыс беруші коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуіне құқылы. Бұл талап соңғы үш айда індетпен ауырып шыққандар мен медициналық қарсы көрсетілімі барларға қатысты емес.

Жаңа ереже түнгі 12-ден бастап күшіне енді.

Хабар 24 телеарнасы