Жастарға қосымша мамандық алуға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды

Бүгін 15 шілде бүкіләлемдік жастар дағдылары күні.

Осыған орай елімізде қосымша мамандық алуға мүмкіндік беретін жастарға арналған жоба іске қосылды. Онда төрт бағыт бойынша ақысыз түрде арнайы білім алуға болады. Курс онлайн форматта өтіп жатыр. Студенттер мен жастар кез келген уақытта бағдарламаны ашып, сабаққа қатыса алады. Бүгінде қатысушылардың саны бес жүзден асты. Негізгі мақсат –жастарға қазіргі заманға сай табыс көздеріне бағыт беру. Платформада берілген әрбір трендтік мамандықтардың барлығы осы мақсатқа негізделген.

Кәмила Амуртаева, жоба жетекшісі:

– Бұл жобада жас мөлшеріне шектеу жоқ. Сабақтарымыз тегін. Курсты өткеннен кейін қатысушылар міндетті түрде емтихан тапсырып, сертификаттарын алады. Онымен жұмысқа тұруға мүмкіндіктері бар.