Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсап жатыр?

Зейнетақы жинақтарын алу науқаны басталғалы 350 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ жинақтары есебінен өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартты.

Арнайы шоттарға шамамен 1,6 трлн теңге аударылды. Орташа төлем көлемі 4,5 млн теңгені құрады.

Зейнетақы жинақтарының көп бөлігі жұмсалды:

  1. Тұрғын үй сатып алу (толықтай сатып алу) – 1 трлн 97 млрд теңгеден астам.
  2. Ипотекалық қарызды ішінара өтеу – 122,5 млрд.
  3. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша несие алу – 106,4 млрд.
  4. Ипотека бойынша бастапқы төлемді жүзеге асыру – 50,4 млрд.
  5. Ипотекалық қарызды толық өтеу – шамамен 25 млрд.
  6. Жеке үй құрылысы, оның ішінде жер учаскесін сатып алу – 8,7 млрд.
  7. Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша қарызды ішінара өтеу – 3,3 млрд.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштер қабылдайтын операторлар:

– «Отбасы Банкі» – 95,3%;

– Halyk Bank – 3,8%;

– ЦентрКредит – 0,9%;

– Altyn Bank – 0,03%;

– «Фридом Финанс Қазақстан банкі» АҚ – 0,003%.

Ақпарат көзі: krisha.kz