Маңғыстауда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланбайды

Қуаңшылықтан 1 мыңнан астам ірі қара опат болған Маңғыстау өңірінде төтенше жағдай жарияланбайды.

Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау үшін жекелеген талаптар сақталу керек. Мәселен, аңызақ ауа-райы 3 аптадан ұзарса және топырақ қабатында су қоры 35 милиметрден төмен болуы байқалған жағдайда ғана мұндай шешімге негіз болады. Ал «Қазгидромет» аймақтық орталығы Каспий теңізіне жақын орналасқандықтан ыстық күндері су буланып, сәйкесінше ауа ылғалдылығы сақталып тұр деп мәлімдеді.

Бекболат Әбдіқадыров, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

– Маңғыстау облысы бойынша өсімдіктердің зақымдалуын туғызатын 20 немесе одан да көп күнге, күндіз ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 пайыздан және одан көпке сақталуы болса ғана төтенше жағдай жарияланады.