Павлодарда жалған вакцина паспортын жасаған дәрігерлер ұсталды

Павлодарлық дәрігерлер 200-ден астам жалған вакцина паспортын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы операция кезінде 4 медицина қызметкері ұсталды. Полицейлер қазір вакцинаға жауапты ұжымдардың жұмысын қатаң бақылауға алды. Екпе салатын кабинеттерге бейнекамералар орнатылды. Бұл жұмыстар вакцинация кезіндегі заңбұзушылықтарды болдырмау үшін жасалды.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Жедел ізде ушаралары барысында павлодарлық емхананың мамандары ұсталды. Жалпы тәжірибе дәрігері, бөлім меңгерушісі, сонымен қатар екі медбике арнай жүйе бойынша жұмыс істеп, нәпақа тапқан. Олар вакциналау базасында жалған тіркеу жұмыстарын жүргізген. Бұл қызметтері үшін ақша талап еткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тереу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...