Үштөбе тұрғындары орталық көшенің жөнделуін төрт жылдан бері күтіп жүр

Алматы облысындағы Үштөбе қаласының тұрғындары аудан орталығындағы көшенің жөнделуін 4 жылдан бері күтіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны қайта қалпына келтіруге бюджеттен 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тіпті ақшаның толық игерілгені жөніндегі қабылдау актісіне қол қойылған. Құжаты дұрыс болғанымен, елді мекенде әлі күнге дейін сапалы жол жоқ. Қазір кінәлілер заң алдында жауап беріп жатыр. Үштөбеде бұдан өзге де түйткілдер жетіп артылады.

Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

- Төле би көшесінің ұзындығы бір шақырымнан сәл ғана асады. Жергілікті шенеуніктер оны жөндеуге қыруар қаржы сұратқан. 300 миллион теңгеге қып-қысқа көше емес, жоғары жылдамдықты автокөлік жолын салғызбақшы болған ба дерсің. Құжат бойынша бәрі дұрыс болғанымен, бұл көшенің қазіргі жағдайы сын көтергісіз күйде.

Блиц 1:

- Жөндеу жұмыстарын бастады да, аяқсыз қалдырды. Бөлінген қаржы қайда кетті, түсініксіз? Мына көшемен жүру мүмкін емес.

Блиц 2:

- 4 жылдан бері көргеніміз осы. Бюджеттің қолды болған қаржысын кім қайтарады енді? Ұрлық пен сұғанақтықтың зардабын қарапайым тұрғындар тартып отыр. Қайтадан қаржы бөліп, мына көшені қалпына келтіру керек.

Блиц 3:

- Автобусқа қиын. Иә, мынау өзі жолаушылар тасымалымен айналысамын өзім.

- Шашылып кете ме?

- Иә, өзіңіз көріп тұрсыз ғой жол қандай екенін. Бірақ енді біз қалай деп ойласақ та, бәрібір енді жоғарыдағы адамдар шешеді ғой.

Ал, аудандық әкімдіктегілер бұл көшенің қозғалған қылмыстық істегі ең басты айғақ екенін айтады.

Ермек Апеков, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары:

- 2018 жылы бұл жерде кәдімгі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек болған Төле би көшесі бойынша. Жұмыстарды жүргізудің уақыты 7 ай бұл жерде болу керек болған. Сәуір айында бастап қараша айында аяқтауы керек болған. Алайда жұмыстар аяқталмай қалған болатын. Аудан әкімшілігі 2019 жылдың қаңтар айында сотқа істі берген болатын. Соттың шешімі аяқталғанға дейін біз бұл Төле би көшесі бойынша ешқандай жұмыстарды атқара алмаймыз. Жобалық-сметалық құжаттамасын дайындаймыз биыл біз деген. Дайындалып, аяқталып болғаннан кейін 2022 жылдың бюджетіне бюджеттік сұраныс жасаймыз.

Үштөбедегі Крупская атындағы көшенің қатты жамылғысын екі ай бұрын қырып алып тастапты. Жаз ортасы ауып бара жатқанымен, жөндеу жұмыстары тоқтап тұр.

Жанар Байтұрғанова, Қаратал ауданының тұрғыны:

- Қашан жасалады екен? Ақшасы қайда, несі қайда? Жүретін жолымыз транспорт бәрі қиналады. Люктардың бәрі ашық мына жақта. Талдықорғаннан елдер келсе, қонаққа ешкім білмейді, люктың ішіне түсе береді. Көбінесе машинаның дөңгелектері сынып жатыр. Сол жағдай біздің Үштөбенің жағдайы, Қаратал ауданының.

Алматы облысындағы Үштөбе қаласының тұрғындары аудан орталығындағы көшенің жөнделуін 4 жылдан бері күтіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны қайта қалпына келтіруге бюджеттен 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тіпті ақшаның толық игерілгені жөніндегі қабылдау актісіне қол қойылған. Құжаты дұрыс болғанымен, елді мекенде әлі күнге дейін сапалы жол жоқ. Қазір кінәлілер заң алдында жауап беріп жатыр. Үштөбеде бұдан өзге де түйткілдер жетіп артылады.

Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

- Төле би көшесінің ұзындығы бір шақырымнан сәл ғана асады. Жергілікті шенеуніктер оны жөндеуге қыруар қаржы сұратқан. 300 миллион теңгеге қып-қысқа көше емес, жоғары жылдамдықты автокөлік жолын салғызбақшы болған ба дерсің. Құжат бойынша бәрі дұрыс болғанымен, бұл көшенің қазіргі жағдайы сын көтергісіз күйде.

Блиц 1:

- Жөндеу жұмыстарын бастады да, аяқсыз қалдырды. Бөлінген қаржы қайда кетті, түсініксіз? Мына көшемен жүру мүмкін емес.

Блиц 2:

- 4 жылдан бері көргеніміз осы. Бюджеттің қолды болған қаржысын кім қайтарады енді? Ұрлық пен сұғанақтықтың зардабын қарапайым тұрғындар тартып отыр. Қайтадан қаржы бөліп, мына көшені қалпына келтіру керек.

Блиц 3:

- Автобусқа қиын. Иә, мынау өзі жолаушылар тасымалымен айналысамын өзім.

- Шашылып кете ме?

- Иә, өзіңіз көріп тұрсыз ғой жол қандай екенін. Бірақ енді біз қалай деп ойласақ та, бәрібір енді жоғарыдағы адамдар шешеді ғой.

Ал, аудандық әкімдіктегілер бұл көшенің қозғалған қылмыстық істегі ең басты айғақ екенін айтады.

Ермек Апеков, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары:

- 2018 жылы бұл жерде кәдімгі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек болған Төле би көшесі бойынша. Жұмыстарды жүргізудің уақыты 7 ай бұл жерде болу керек болған. Сәуір айында бастап қараша айында аяқтауы керек болған. Алайда жұмыстар аяқталмай қалған болатын. Аудан әкімшілігі 2019 жылдың қаңтар айында сотқа істі берген болатын. Соттың шешімі аяқталғанға дейін біз бұл Төле би көшесі бойынша ешқандай жұмыстарды атқара алмаймыз. Жобалық-сметалық құжаттамасын дайындаймыз биыл біз деген. Дайындалып, аяқталып болғаннан кейін 2022 жылдың бюджетіне бюджеттік сұраныс жасаймыз.

Үштөбедегі Крупская атындағы көшенің қатты жамылғысын екі ай бұрын қырып алып тастапты. Жаз ортасы ауып бара жатқанымен, жөндеу жұмыстары тоқтап тұр.

Жанар Байтұрғанова, Қаратал ауданының тұрғыны:

Қашан жасалады екен? Ақшасы қайда, несі қайда? Жүретін жолымыз транспорт бәрі қиналады. Люктардың бәрі ашық мына жақта. Талдықорғаннан елдер келсе, қонаққа ешкім білмейді, люктың ішіне түсе береді. Көбінесе машинаның дөңгелектері сынып жатыр. Сол жағдай біздің Үштөбенің жағдайы, Қаратал ауданының.

Үштөбеліктердің орталық саябақты жөндеу жұмыстарына да көңілі толмайды. Оған бюджеттен 25 млн теңге қаралыпты. Алайда қоғам белсендісі Дмитрий Перлов «мұнда да қаржы қатты үнемделген» деп отыр.

Дмитрий Перлов, қоғам белсендісі:

- Жоба бойынша саябаққа қуатты жарық түсіретін құралдар орнатылуы тиіс еді. Оның бір данасы 70 мың теңге тұрады. Мұнда бар болғаны 30 прожектор қойылды. Қалғаны әлсіз шамдар. Оның біреуі 7500 теңге тұрады. Неге бұлай болды? Қазір мұндағы жарық шамдары істемей тұр.

Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің бастамасымен мұнда мамыр айында 500 түптей құба тал егіліпті. Қазір соның бірі де жоқ. Құдды бір жарылғыш заты залалсыздандырылған алаңқайдай болып жатыр. Қаратал ауданында 35 елді мекен бар. Биыл ондағы көшелерді орташа жөндеуден өткізуге 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Гүлнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев