Қазақстанда «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді

Елімізде біркомпонентті «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді.

Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Спутник V» Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін сәтті қолданып жатқанын тілге тиек етті. «Спутник Лайт» екпесін де тіркеу ұтымды шешім», - дейді ол. Ол ұжымдық имунитетті қалыптастыруды және халықты жаппай вакциналаудың мерзімін қысқартады. «Спутник Лайтқа» қатысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Қазақстан қыркүйекте Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауытты іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлағанды.

Сондай-ақ...