424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктерге төрт мобильді вакциналау пункті қызмет көрсетеді

  • 106
  • UPD: 20:32, 15.07.2021
Өскемендіктерге төрт мобильді вакциналау пункті қызмет көрсетеді

Өскеменде коронавирус инфекциясына қарсы 102 мыңнан астам адам вакцина алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазір тұрғындар біршама белсенді», - дейді мамандар. 24 екпе салу пункті үзіліссіз қызмет етіп жатыр. Сауда үйлері мен ірі дүкендерде де вакциналау шарасы ұйымдастырылған. Екпе салдырушылардың артуына жылжымалы вакциналау пунктері де ықпал етіп отыр. Осы күнге дейін 4 мыңға жуық адам мобильді автбустарда екпе алыпты. Қазір өскемендіктерге 4 жылжымалы пункт қызмет көрсетеді.

Салтанат Қызырова, Ана мен бала орталығы учаскелік терапия қызметінің меңгерушісі:

- Осындай екпе пунктері өте қажетті біздің қаламызға. Себебі қалада тұрғындар көп шоғырланған. Олардың көпшілігі қым-қуыт заманда жұмыста болып табылады, бізге арнайы келуге өздерінің уақыттары табыла бермейді. Сондықтан олар жұмыста отырған кезде жылжымалы пункте келіп, өздерінің екпелерін ала алады.

Хабар 24 телеарнасы