424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бесик Тордуаның адвокаты: Дені сау болып, бір апта ішінде ажал құшты

  • 138
  • UPD: 21:22, 15.07.2021

Грузияда қазақ қызын зорлап, өзіне қол жұмсауға жеткізген деп айыпталған Бесик Тордуа кеше ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті ағзасында тромб пайда болғанына байланысты соңғы бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан еді. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтауы тиіс. Бесик Тордуа денсаулығына шағымданбаған.

Лаша Шукакидзе, Бесик Тордуаның адвокаты:

- Осыдан бір апта бұрын маған Бесоны ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызғанын хабарлады. Үш күн бұрын оны ауруханада көрдім, ол комада болған. Ал кеше маған телефон соғып, қайтыс болғанын айтты. Дәрігермен сөйлесіп, ол басынан көп қан кеткенін айтты. Абақты қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін тиісті әрекет еткен жоқ деп ойлаймын. Осыған байланысты екі сұрағым бар. Оны ұрып-соқты ма? Егер таяққа жықпаса, неліктен көз жұмды? Бүгін сараптама өтті, бірнеше күннен кейін олардан бұл адаммен не болғаны жөнінде жауап түседі. Дені сау болып, бір апта ішінде ажал құшты. Сұрағымыз бар, тергеу органдары не айтатынын көрейік, сосын ресми мәлімдеме жасаймыз.

Асел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Грузия астанасында көз жұмған еді. Ол 8-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Марқұмның денесі ол тұрып жатқан үйдің жанындағы құрылыс алаңынан табылған. Сол түні Әселдің құрбысына аудиожазба жібергені белгілі. Онда марқұмға ер адамның зәбір көрсетемін деп қорқытқаны жазылған. Келесі күні Грузия полициясы Бесик Тордуаны қамауға алып, зорлық пен қол жұмсауға жеткізу баптары бойынша айып тақты.

Хабар 24 телеарнасы