Алматыда кеше соққан қатты дауылдың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда кеше кешке соққан қатты дауылдан ағаш пен бұтақтар сынып, 16 автокөлік қирады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, бұтақтар көше мен ойын алаңдарына құлаған. Шаһарда санитарлық тазалық шаралары қызу жүріп жатыр. Қала бойынша дауыл салдарын жою үшін коммуналдық қызметтің жүзден астам жұмысшысы мен 80 арнайы техника жұмылдырылды. Алдағы үш тәулікте қалада ауа райы құбылмалы болады, жауын жауып, жел тұрады. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын күнделікті күн райын бақылап, сақ болуды ескертеді.

Бағдат Шайзада, қалалық ТЖД Дағдарыс жағдайларын басқару басқармасының басшысы:

- Ауа райы бұзылған кезде Алматы қаласының тұрғындарынан өздерінің автокөліктерін ағаштың астына, сонымен қатар электр желілерінің астына және де әлсіз бекітілген құрылымдардың астына тұраққа қоймауды ескертеді. Сонымен қатар 112 желісінен SMS хабарламаларды дұрыстап оқуды талап етеді.