Жамбыл облысында ауыл әкімінің сайлауына 116 кандидат тіркелді

Жамбыл облысында ауыл әкімінің сайлауына 116 үміткер қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 42-сі өз-өзін ұсынса, қалғаны саяси партиялар атынан түседі. Кандидаттар қатарында бюджеттік сала, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет өкілдері мен уақытша жұмыссыздар да бар. Үміткерлердің орта жасы – 39 . 38 ауылда 89 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Кандиттармен кездесу кестесі мен өтетін орындары белгіленген. Бүгіннен бастап үгіт-насихат жұмыстары басталды. Үгіт материалдарын орналастыру үшін 96 орын дайындалған.

Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бүгінгі күнге учаскелік сайлау комиссияларын сайлау күнге дайындығы 90%-тен жоғары. Сайлау учаскесіне келіп дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының арнайы ережесімен сайлау учаскесін қалай жабдықтау керек, сол туралы қаулысы бар. Ол жерде 11 мәселе бар.