Ақмола облысында ауыл әкімі сайлауына 300-ден астам үміткер қатысады

Ақмола облысында алдағы ауыл әкімі сайлауына 303 кандидат тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 210-ы өзін өзі ұсынғандар, қалғаны саяси партиялардан. Барлығы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Ал, жалпы сайлауға қатысуға 318 адам ниет білдіріпті. Алайда, олардың алтауы саяси науқаннан өз еркімен бас тартса, 9-ының кандидатурасы талапқа сай келмеген. Үміткерлердің орта жасы 40-тан асады. Ақмола облысында алдағы сайлауда 95 әкім сайланады. Ал, учаскелер 200-ден астам елді мекенде орналасқан. Оларда 1 мыңға жуық сайлаушы бар.

Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Үміткерлердің 157-сі мемлекеттік қызметкерлер. Олардың ішінде 53-і өзі басқарып отырған елді мекенде қайтадан сайлауға түскелі отыр. Ал, 303 кандидаттың 100-і, яғни 33%-і әйелдер. Үміткерлер арасында 12 ұлттың өкілі бар.