424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ауыл әкіміне 71 үміткердің құжаты қабылданбады

  • 91
  • UPD: 23:14, 15.07.2021
Түркістан облысында ауыл әкіміне 71 үміткердің құжаты қабылданбады

Түркістан облысында бір ауыл әкімінің орнына 7 үміткер сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кандидаттары ең көбі Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылында. Қазір аумақтық сайлау комиссиясы 214 кандидатты тіркеді. Оның 84-ті саяси партиялар атынан, ал 130-ы өзін өзі ұсынған үміткер. Түрлі себептерге байланысты 71 адамның құжаты кері қайтарылды. Ел басқаруға ниеттілердің арасында 10 әйел бар. Жалпы Түркістан облысы бойынша 60 ауылдық округтің әкімі сайланады. Үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде күні кешкі 18:00-де тоқтатылады.

Әлібек Өмірәлиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Әр үміткер мен оның сенімді өкілдеріне үгіт-насихат жұмыс жүргізу кезінде ақша таратуға, сыйлық беруге тыйым салынады. Көпшілік жерде дастархан жаюға, тағы басқа жағдайларға қатаң тыйым салынады. Заң бұзған үміткерлер аумақтық сайлау комиссиясының отырысында қарап, шешім ышғарып, не шығарылады, не ескеру беріледі. Ал тым қатты заң бұзушылыққа барса, тіркеуден алынып тасталады.

Хабар 24 телеарнасы