Саяси науқан кезінде байқаушыларға қойылатын талап қатаң

Байқаушылардың ПТР анықтамасы болуы тиіс.

Саяси науқан кезінде індеттің таралуына жол бермеу керек. Ақтөбеде әкім сайлауына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылар мен байқаушыларға тегін дәріс оқылып, сайлауды өткізу ережесі түсіндірілді. Облыста партиялық емес бақылау орталығынан 181 адам тіркелген. Олар 74 сайлау учаскесінде 35 әкімді сайлау ісіне қатысады. Қатарында 5 үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Барлығы да бұған дейін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына атсалысқан.

Ерәділ Уббиниязов, «Партиялық емес бақылау орталығы» ҚБ облыстық филиал басшысы:

- Пандемияға байланысты әр байқаушыға 5 шаршы метрден орын беріледі. Егер де байқаушыларға 25 шаршы метр орын берілген болса, 5 байқаушыдан артық отыруға болмайды ол жерде.