Алматы мектептерінде жылыжайлар ашылады

Алматы мектептерінде жылыжайлары болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқысы бүгін №177 мектепке орнатылды. Шаһарда жалпы 16 жылыжай ашылады. Бұл іс-шара «Жасыл мектеп» жобасы аясында іске асады. Оқушыларға арналған осындай 40 жылыжай Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы мектептерде де салынады. Жобаны еліміздің меценаттары қаржыландырған. Жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сынып оқушылары биология сабағы бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Балалар көкөніс пен жеміс-жидек өсіреді. Жылыжайлардың барлығы тамшылатып суару, жылыту және жарықтандырудың заманауи жүйесімен жабдықталады. Жоба авторлары балаларды осылай ерте жастан экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға баулуды көздейді.

Абай Нұрмұханов, жоба менеджері:

- Біздер 5-10 жылыжайды орнатып жатырмыз. Неге қазір осы уақытта 5-10 болып тұр. Әр мектепке біздер мүмкіншілік берілген жерге жылыжайды орнатып жатырмыз. Біздер білім басқармасымен бірлесіп, 16 мектепті тағайындадық. Бүгінгі таңда осы мектепте ашып жатырмыз. Осында балалар биология пәнінен мұғалімдермен бірге бастап, ол тек кітап оқып теориясын ғана білмей, енді олар әрі қарай практикада көреді оны.

Сондай-ақ...