Ақтөбеде вакцина салғызбаған қызметкердің жұмыс орнына кіруіне шектеу қойылады

Ақтөбеде вакцина алмаған қызметкерлердің жұмыс орнына кіруіне шектеу қойылады. 

Облыстың бас санитар дәрігері қаулыға өзгерістер енгізді. Мұндай талап «Қазпошта» бөлімшелері, халыққа қызмет ету орталықтары, сақтандыру компаниялары, қаржы ұйымдары мен өзге де кәсіпкерлік нысандарына ортақ. Сондай-ақ базарлар мен дүкендерде жұмыс істейтіндерге де қатысты. Олар 10 тамызға дейін вакцинаның бірінші, ал қыркүйекке дейін екінші компонентін алуы тиіс. Әрине екпеге қарсы көрсетілімдер де бар. Өңірде жағажайлар әлі жабық. Алайда аквапарктердің қызметіне рұқсат берілді.