424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 190 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

  • 96
  • UPD: 13:48, 16.07.2021
Ақмола облысында 190 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

Ал екпенің толық курсын бітіргендер 97 мың ғана. Бұл егілуі тиіс халықтың шамамен 23 проценті. Ал межелі жоспар 411 мың адам. Сондықтан аймақта түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

Санитарлық дәрігерлер қазір кәсіпорын басшылары және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп жатыр. Мамандардың болжауынша, екпе салдыру көрсеткіші көбеймесе, аймақта әлі мыңдаған адам қауіпті вирусты жұқтыруы мүмкін. Себебі індет күннен күнге өршіп барады. Бұрын көбіне ересектер ауырса, қазір балалар да аталған ауруға жиі шалдығатын болған.

Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бері Ақмола облысында 26 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, өкінішке орай, олардың 100-ге жуығы осы дерттен көз жұмды.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы ауру көрсеткішін салыстыратын болсақ, өсімнің 10 еседен асқанын байқаймыз. Мәселен, өткен жылдың алты айында 143 жағдай тіркелсе, ал, биылғы жарты жылдықта 1818 баладан ауру анықталды.

Хабар 24 телеарнасы