424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан ӘТК әскери корабльдері Каспийге жорыққа шықты

  • 89
  • UPD: 14:43, 16.07.2021
Қазақстан ӘТК әскери корабльдері Каспийге жорыққа шықты

«Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты.

Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады. Бірқатар корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізіліп, жүзу ауданы зерттелді. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атуды орындады.

Жорықты Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы басқарды. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Жорықтар кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады.

Хабар 24 телеарнасы