424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыс тұрғындары батысқа 1 вагон шөп жібереді

  • 170
  • UPD: 20:45, 16.07.2021
Арыс тұрғындары батысқа 1 вагон шөп жібереді

 

Елдің батысында қуаңшылықтан малы қырылып, жұт қысқан ағайынға Арыс тұрғындары да қол ұшын созды.

Бұдан екі жыл бұрын осы Арыс қаласында алапат жарылыс болған кезде бүкіл ел болып көмек көрсеткен еді. Сол кездегі жұрттың ықыласына разы арыстықтар енді өздері белсеніп, қолдан келгенше аянып қалмауға тырысып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, жергілікті кәсіпкерлер ірі шаруашылықтар мен көрші аудандарды аралап, бүгінге дейін мың жарым бума, яғни бір вагон шөп жинаған. Бір айта кетері, биыл Арыс маңында да шаба қоятын дайын шөп жоқ. Сондықтан белсенді азаматтар бірігіп, мал азығын сатып алып жатыр. Көп ұзамай теміржол арқылы 1 вагон шөпті Маңғыстау өңіріне жеткізбек. Көмек бұнымен шектеліп қалмайды. Белсенділер алдағы уақытта да мал азығын жіберуді жоспарлап отыр.

Гүлжан Құрманбекова, Арыс қаласының әкімі:

– Бірінші кезекте біз Арыс қаласының тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз етуіміз керек. Ал кәсіпкерлер өздері жібереміз десе, вагонның бәрі тегін жасап береміз. Теміржол станциясымен келісім бар.

Хабар 24 телеарнасы