«Спутник лайт» вакцинасының тиімділігі неде? ДСМ жауап берді

Бір компонентті жаңа ресейлік вакцинаның тиімділігі неде? Бұл туралы отандық ғалымдар жауап берді.

Олардың айтуынша, «Спутник лайт» екпесінің анау айтқандай ерекшелігі жоқ. Ол бұған дейін белгілі «Спутник видің» бірінші компонентінің көшірмесі. Яғни аденовирус инфекциясына негізделіп жасалған. «Спутник Ви» вакцинасымен екі мәрте егілудің кей адамдарға қажеттілігі болмауы мүмкін. Иммунитеті мықты немесе індеттен соң ағзасында антиденелер бар болса, бір дозаның өзі жеткілікті. Мұндайда дәрігерлер әр пациенттің жағдайына қарай, «Спутник Лайт» вакцинасын тағайындай алады. Алайда бұл ағзаға енгізілетін сұйықтық мөлшері азайса, вакцинаның тиімділігі төмендейді деген сөз емес. Алдын-ала зерттеу оның  қауіпті кеселден 79,4 процентке қорғайтынын көрсеткен.

Александр Гуляев, Ұлттық сараптама орталығының сарапшысы:

– Егер адам жас әрі денсаулығына шағым болмаса, «Спутник лайт» вакцинасымен егіле алады. Десе де, 60 жастан асқандарды бұл вакцина толық қорғай алмайды. Сондықтан олар Спутник виді алғаны дұрыс. Сондай-ақ жаңа вакцинаны созылмалы ауруы барлар мен аллергияның ауыр түрімен ауыратындарға салуға болмайды.

 

 

Сондай-ақ...