Атырауда емхана шотынан 70 млн теңге ұрлаған хакерлер сотталды

Атырауда қауіпті індетпен күрескен ақ халаттылардың үстемеақысын қолды қылғандар сотталды.

Хакерлер қалалық №1 емхананың шотынан 70 миллион теңгені онлайн арқылы ұрлаған. Қаржыны өз шотына аударып алған Талдықорған қаласының тұрғыны болып шықты. Оны қолма-қол ақшаға айырбастау үшін сыбайласына жүгінген.

Сот үкімімен қылмыскерлердің бірі 6 жарым жылға, екіншісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.