Құрбан айт мерекесінде мешіттерде Айт намазы оқылмайды – Қызылорда облысының бас санитар дәрігері

Қызылорда облысында Құрбан айт мерекесіне орай жаппай іс-шараларға тыйым салынды.

Аймақ коронавирустың таралу қарқыны бойынша қызыл аймақта тұр. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің Жаңа қаулысына сәйкес мешіттерде Айт намазы оқылмайды. Малды союға тек ресми ветеринарлық-санитарлық қорытынды алған сою пункттері мен алаңдарына тапсырыс беруге және жеткізуге рұқсат етілді. Құрбандық шалу рәсімін qurban2021 сайты арқылы онлайн режимде ғана жасауға болады. Адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Дәрігерлердің айтуынша, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 90 проценті науқасқа толған.

Динара Жаңабергенова, облыстың Бас санитарлық дәрігері:

– Қатаң түрде маниторингтік топтар жұмыстарын жалғастырып, осындай іс-шаралар өткізу барасында үйлерді аралап, тойханалар бар, кафелер бар деген сияқты. Сол жерлерге барып, мониторингтік топтар жұмысын жүргізеді. Яғни мониторингтік топппен осындай іс-шаралар анықталып жатса, әкімшлік шаралар көріледі.