425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

 Екпе құжатын саудалағандарды қандай жаза күтеді?

  • 639
  • UPD: 23:53, 16.07.2021
 Екпе құжатын саудалағандарды қандай жаза күтеді?

Желіде жалған құжат жасайтындар қаптады.

Бірі птр тест нәтижесін сатса, енді бірі екпе паспортын әп-сәтте дайындап береміз деп уәде береді. Әрине ақысын төлетеді. Бірақ кейін денсаулығыңызға қауіп төне қалса, олар жауап бермейді. Әлгінде телефонмен сөйлескен ару 10 сағаттың ішінде тестті тапсырмай-ақ, теріс деген нәтижесі бар анықтаманы қолыңызға ұстатамыз деді.

Ақмарал Тұрсынова, сарапшы, заңгер:

Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан жасалып жатқан шаралар жеткіліксіз. Олар вакциналау бөліміндегі қадағалау тәртібін әлі өзгерткен жоқ. Онда видео бақылау немесе басқалай бақылау шараларын жүргізіп жатқан жоқ. Сондықтан жемқор дәрігерлер мен жемқор медбикелердің істеп жатқан әрекеттеріне ешқандай шектеу жоқ.

Ел басына күн туғанда пайда тауып қалғысы келетіндер арасында дәрігерлер мен медбикелердің болғаны өкінішті. Сорақысы сол, олар жалған құжат үшін құтыдағы екпені төгіп тастайды екен.

– Мен екінші компонентті алу үшін тұрғылықты жер бойынша емханаға жүгіндім. Сол кезде 5 адам жанымда тұрды. Олар тек бір медбикені күтіп отырды. Кезектен тыс медбике бөлмесіне кірген едім, сізге екпені салмай, тек паспорт алу керек қой деді. Мен екінші компонетті салғызуым керек екенін айттым. Кешірім сұрады да, жұмысын жалғастыра берді. Сонда ол адам паспортты сатып отырған болуы керек деп топшыладым.

Шілденің басынан бері жалған құжат ұсынған 46 факті анықталған. Олардың барлығы ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша күдікті құрықталған жағдайда 2000 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы Наурыз Базаров

 

 

Хабар 24 телеарнасы