Жалған куәлік жасатамын деп алаяққа алданып қалмаңыз – ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде таралған жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтайтын арнайы мониторингтік топтар құрды.

Мониторинг нәтижелері бойынша полиция осындай 46 жарнаманы анықтады, онда белгілі бір сомаға жалған вакцинация паспорттары және оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамалар сатылғаны белгілі болды. Яғни алаяқтар Ресей, Украина, Үндістан және АҚШ аумағында отырып медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сатқан. Ресейде жалған сертификаттар 7-20 мың рубльге, ПТР-тесттен өткені немесе антиденелердің болуы туралы анықтама 550-ден 4,5 мың рубльге дейін бағаланады. Үндістан бойынша вакцинация туралы сертификаттар бес мың рупийден шамамен 30 мың теңге. 

Сондай-ақ...