Ресей дәрігері «Спутник-лайт» вакцинасы туралы айтты

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 800 адам қайтыс болды.

Әсіресе Мәскеу мен Санкт-Петерборда өлім-жітім көп. Билік вакциналауды үдетті. Өткен айдың соңында «Спутник Лайт» вакцинасын қолдана бастаған. Қазір оны шетелдіктерге егіп жатыр. Ресей тікелей инвестициялар қорының мәліметі бойынша, бұл препараттың тиімділігі екпе салғаннан кейін 28 күн өткен соң 79,4%-ті құрайды. Эпидахуал ушыққан кезде тез арада ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін осы вакцинаны қолдануға болады. Сондай-ақ болашақта оны ауырып шыққан адамдарға егу көзделіп отыр. Екпе салдырғаннан кейін иммунитет екі айдан бес айға дейін сақталады.

Марина Соколова, дәрігер:

­– Спутник-Лайтты да Гамалея институты жасап шығарды. Ол тіркеуден өткен төртінші ресейлік препарат. Векторлық вакцина болғандықтан, құрамында патогендік вирус жоқ, сондықтан қауіпсіз. Ал ең бастысы адам ағзасында иммунитет қалыптастырады. Мақсатымыз да сол - коронавирустан қорғану.  

Сондай-ақ...