Ақтөбе облысында жарты жылда 86 қару тәркіленді

Ақтөбелік полицейлер облыс тұрғындарынан өткен жарты жылда 86 қару тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым бөлігі заңсыз қолданылған көрінеді. Ал, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзу деректері бойынша 400-ден астам әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ жедел алдын алу шаралары барысында ондаған патрон тәркіленді. Ерікті түрде тапсырылған заттардың арасында артиллериялық снарядтар мен 3 келіден астам оқ-дәрі де бар. Құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу үшін полиция мұндай шараны алдағы уақытта да өткізетін болады

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция дептаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сегіз дана снарядты Ақтөбе қаласының тұрғыны аңшылыққа шыққан кезінде далалықтан тауып алғандығын түсіндіріп, сол кезде аталмыш акция өткізіліп жатқан болатын. Сол акция шеңберінде ол полиция бөліміне әкелініп тапсырылды. Өз еркімен тапсырылған оқ-дәрілер, оларды көбінесе ата-аналарынан, әкелерінен қалған қару-жарақтар болады.