Жалған вакциналау құжатын сатып алғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

Алматыдағы бірнеше емхананың дәрігерлері жалған вакциналау паспортын жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бейнебақылау жүргізілетін бөлмеде екпенің бірінші дозасын салып жатқан сыңай танытып, иненің орнын медициналық жапсырмамен жасырған. Бұған дейін Сауд Арабиясына қажылыққа баратын адамдарға жалған вакциналау паспортын әзірлеген туристік фирма қолға түскен еді. Фирма қызметкерлері 140-тан астам құжат дайындаған.

Еске сала кетсек, жалған құжат жасау дерегі бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал сол құжатты сатып алып, пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ...