Елордада карантин ережесін өрескел бұзған түнгі клубтар анықталды

Елордада ойын-сауық ұйымдастырған түнгі клубтар мобильді топтың назарына ілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, карантиндік шектеулерге қарамастан, екі бірдей көңіл көтеру орны жұмысын жалғастырғаны анықталды. Клуб иелеріне 650 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Мобильді топ Есіл ауданындағы мейрамханалар мен ойын-сауық орындарын тексеруге шыққан. Рейд нәтижесінде карантин талабын бұзған мекемелердің үстінен әкімшілік хаттамалар толтырылды.