424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 120 орындық тағы бір инфекциялық стационар ашылды

  • 113
  • UPD: 23:30, 17.07.2021
Атырауда 120 орындық тағы бір инфекциялық стационар ашылды

Атырауда корнавирус инфекциясын жұқтырған науқастар үшін тағы 120 орындық инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті вирусқа шалдыққан науқас саны өскен. Осыған байланысты Атыраудағы теміржол ауруханасында 120 орындық инфекциялық стационар іске қосылды. Қазір теміржол ауруханасында ашылған инфекциялық стационарға коронавирус жұқтырған 48 науқас жатқызылған.

«Бұған қоса Махамбет ауданындағы фтизиопульманология орталығында - 150, сондай-ақ Атырауда жатақханалардың бірінде 200 орындық инфекциялық стационар дайындалды» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың үш ауданындағы инфекциялық стационар науқастарға толған болатын.

Хабар 24 телеарнасы