Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпені секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ал Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Сондықтан бұл аймақтарда өрт қаупі жоғары.

Елордада күн ашық болады. Күндіз сынап бағанасы 26 градусқа дейін көтеріледі.