Бүгін Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтуде

Қазақстанда металлург күні Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылдың 15 қарашадағы Жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні ретінде аталып өтіледі.

Өнеркәсіп өндірісіндегі сан алуан жұмысшы мамандықтарының көптігі өмірге бүкілхалықтық салалық мерекелердің пайда болуына әсер етті. Соның бірі – Металлург күні.

Металлургия – (грек сөзіне аударғанда – метал өңдеймін) ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Металлургия – түсті және қара , галламды, өте жоғары температурада (2000-20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін металлургия болып ажыратылады: орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қазақстанмен қатар, бұл мереке Армения, Беларусь, Украина және Ресейде атап өтіледі.