Covid-19: Қазақстанда «жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

18 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бүгінгі күні «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал «сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.