ҚР ДСМ: Елордада эпидахуал ушығып тұр

Елде бір тәулікте коронавирустан 47 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 адам пневмониядан қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, елордада жағдай ушығып тұр. Көз жұмғандардың 11-і Нұр-Сұлтан қаласынан. Батыс Қазақстан облысында 7, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында 4 адамнан көз жұмды. Павлодар және Ақмола облысында 3 адамнан, Маңғыстауда екі адам қайтыс болды. Алматы қаласы мен Қостанайда да кісі қайтыс болды. Ел бойынша 55 мың 500-ден аса адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 17 мың 856-сы стационарда, 37702-сі амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды. 228 науқастың жағдайы өте ауыр.