Оралда көшенің қақ ортасында су құбыры жарылды

Оралда көшенің қақ ортасынан су атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әкімдік әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қатысты түсінік берді. Оқиға қаладағы Құрылысшы шағын ауданында болған. Салқын су берілетін коммуналдық желі жарылып кеткен. Құбырдың диаметрі 300 мм. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Шаһарда су беру тоқтатылған жоқ. Облыс орталығында құбырлардың жарылуы жыл сайын қайталанады. Биылдың өзінде бірнеше рет апат болды.