ШҚО-да 21 шілдеден бастап карантин талаптары күшейеді

Шығыс Қазақстан облысында 21 шілде мен 3 тамыз аралығында шектеу шаралары күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің бас санитар дәрігері осындай қаулы шығарды. Ондағы мәліметке қарағанда, Семей қаласында ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары. Сондықтан шаһар «қызыл аймаққа» жатады. Мұнда мемлекеттік органдар мен шаруашылық нысандар «қызыл аймақ» үшін бекітілген талап бойынша жұмыс істеуге көшеді. Ал облыстағы өзге аудандар мен қалалар эпидемологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақ» саналады. Сәйкесінше, олар «сары аймақ» үшін жасалған карантин талаптарын сақтауға тиіс. Жаңа қаулы 21 шілде күні күшіне енеді.