424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экология министрлігі Каспий жағалауынан табылған итбалықтың өлексесіне қатысты түсінік берді

  • 69
  • UPD: 23:29, 18.07.2021
Экология министрлігі Каспий жағалауынан табылған итбалықтың өлексесіне қатысты түсінік берді фото: inform.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті Каспий жағалауынан табылған өлі итбалыққа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалық туралы ақпарат 18 шілде күні Instagram-да пайда болды.

«Итбалық табылған жерге жедел түрде басқарма басшысы А. Шихметов бастаған Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы басқармасының мемлекеттік инспекторларынан құрылған топ жіберілді. Оқиға орнына келген кезде итбалықтың денесі табылды. Құйрығы түксіз, ыдырау күйінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жануар бірнеше ай бұрын теңізде өлген, кейін теңіз дауылымен Ақтау қаласы маңындағы жағалауға шығып қалған» деп түсіндірді ведомство.

Жануардың денесінде балық аулау құралдарының ізі, тұншығу, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«Сол себепті табиғатты қорғау полициясы мен ветеринарлық қызмет өкілдері оқиға орнына шақырылмады. Желіде тараған ақпаратта итбалықтың айналасы қан екені айтылады. Бірақ оның қан емес, күн сәулесі әсерінен жануардың денесінен ағып жатқан тері астындағы май екенін хабарлаймыз» деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Хабар 24 телеарнасы