425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкімдіктен қайыр жоқ: Бесағаш ауылының халқы алты шақырым жолды өзі жөндеді

  • 214
  • UPD: 10:06, 19.07.2021

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары ұзындығы 6 жарым шақырым бұзылған жолды өздері жөндеп шықты.

«Өйткені жергілікті әкімдіктен қайыр жоқ», - дейді олар. Автокөліктері жиі сынып, жол апаты жиілеген соң осылай істеуге мәжбүр болған.

«Тараз – Бесағаш» тас жолына күрделі жөндеу жасалмағанына ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы кездері шұңқыры көбейген бұл жолмен жүру мүмкін болмай кеткен. Сол себепті жол-көлік оқиғалары жиілей түсті. Жамбыл ауданының әкімдігіне бернеше рет шағым түсіргенімен, одан еш нәтиже шықпапты.

Абай Жүндібаев, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Біздің машиналарымыз бұзыла береді. Жол оқиғалары болады, ДТП, ямадан қашады да. Бесағаш ауылының әкімдігіне бірнеше рет бардық. Жамбыл ауданының әкімдігі де біледі, оның бәрін біліп отыр. Бірақ ешқандай көңіл бұрмай бізге, халықтың мұң-мұқтажын тыңдамай, содан кейін халықтың өзі істеуге мәжбүр болды осының бәрін.

Әкімдіктен көмек болмайтынын түсінген тұрғындар жақын маңнан асфальт тауып, ұзындығы 6,5 шақырым жолдың шұңқырын өздері бітеп шықты. Бұл жұмыстарға жеңіл көліктің жеті тіркемесі толы битум кеткен. 

Ринат Ғалиақпаров, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Күнделікті осы жерде қатынап жүрген жігіттер барлығы. Солардың басын жинап, өзіміз жүреміз, осы жолымыздың бәрі быт-шыт болып кетті деп, осының барлығын біз жаңағы не істедік, төседік. Где-то бір өтірік айтпасам, түстен кейін шыққан шығармыз енді. Сол түстен кейін шықтық, түнге дейін уақытын білмеймін, уже қараңғы батқан кезде анау «Арлан» заправкадан бастап, мынау біздің Бесағаш ауылына дейін өстіп тегістеп шықтық жөндеп. Қазір, мінеки, тфай-тфай, бір яма жоқ.    

Әкімдіктегілер әзірге аталған жол бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланбағанын айтты.

«Алдағы жылы су құбыры тартылады, жол содан кейін барып күрделі жөндеуден өтеді», - дейді олар. 

Бейбіт Нығматуллаев, Бесағаш ауылдық округінің әкімі:

- Бұл ауданның ЖКХ-ға қарайтын жолы. Бұл жолға қазір ЖКХ-дан сұрап отырмыз, олардың беріп отырған ақпараты бойынша шұңқырларды жөндеп, текущий жұмыстар жүріп өтеді ямочный жұмыстары.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері «Тараз – Бесағаш» автожолын тамыз айында ағымдағы жөндеуден өткізуге уәде берді. Оған қажетті қаржы да бөлінген.

Ардақ Айбарұлы, Анастасия Сулейманова, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатилла

Хабар 24 телеарнасы