Алматыда теріс ПТР сынақтарын жасаған әуежай қызметкерлері ұсталды

Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж. есімді азаматты және 1993 жылғы И.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылды. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасады. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінді.

– Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар», ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ведомствада.