424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айтта карантинді сақтауға шақырды

  • 86
  • UPD: 12:46, 19.07.2021
Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Құрбан айтта карантинді сақтауға шақырды

Құрбан айт биыл 20 мен 22 шілде аралығында өтеді.

Ал мерекенің форматы өткен жылдың үлгісінде болады. Құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz. сайтта өтінім бере отырып, онлайн режимде өтеді.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, КВИ-дің күрделі эпидемиологиялық жағдайына байланысты мұсылмандар жиналысы болмайды. Жануарларды құрбандыққа шалудың салттық әрекеттері қашықтан онлайн режимде өтеді.

Ниет білдірушілер qurban2021.kz сайтында 22 шілде сағат 14:00-ге дейін құрбандық шалуға өтініш бере алады. Құрбандық еті мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Сондай-ақ оның етін алғысы келетіндер де осы сайтта өтініш қалдыра алады.

17 шілде күні интернет-платформа қызметіне ет алуға ниет білдірушілерден 486 өтінім берілді. Ал 200-ден астам алматылық құрбан шалу рәсімін жасауға шешім қабылдады.

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы құрбандық шалудың барысы дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері айтылатындай бейнежазба режимінде өтетінін айтты. Бейнежазбадан кейін тапсырыс берушіге жіберіледі.

«Интернеттегі құрбандық тек белгіленген жерде болады. Рәсімді өткізуге арнайы топ бекітілген, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, барлық жұмыс санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілетін болады», – дейді М.Пірімқұлов.

Онлайн режимде құрбандық шалу дәстүрін өткізу және мұқтаж адамдарға толық тарату тәжірибесі Түркияда, Малайзияда, Индонезияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде әлдеқашан енгізіліп, жыл сайынғы дәстүрге айналды. Негізгі мақсат – азаматтарды коронавирус инфекциясынан қорғау.

Дін өкілдері діндарларды Құрбан айт мерекесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл күндері үйде болу керек, қонаққа бармау керек және іс-шара ұйымдастырмау керек. Осы қиын уақытта қала тұрғындары кішіпейілділік танытып, инфекцияның таралуын тоқтату үшін бәрін жасауы керек.

Құрбан айтқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (727) 329 09 66, 8 778 382 88 36 немесе WhatsApp нөмірі бойынша 8 775 475 00 83.

Хабар 24 телеарнасы