423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қар барысы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде екінші рет фототұзаққа ілікті

  • 96
  • UPD: 13:06, 19.07.2021
Қар барысы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде екінші рет фототұзаққа ілікті BadFon.ru

Бұған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде фототұзақ қар барысын тіркегенін  хабарлағанбыз. Енді тағы бір жақсы жаңалық Қызыл кітапқа енген ерекше жыртқыш фототұзаққа тағы бір мәрте ілікті. Бұл жолы тұтас бір отбасы - аналық барыс және оның алдыңғы жылы туылған екі күшіктері байқалды.

Мұның алдында фототұзаққа түскен барыс аталық еді. Қазіргі уақытта парк аумағында БҰҰДБ-ның қар барысын сақтау жөніндегі жобасы іске асырылуда. Оның шеңберінде мамандар ұлттық парк аумағына бірнеше фототұзақ орнатты. 

Ғалымдардың айтуынша барыстың бұл аумақта пайда болуына 2017 жылдан бастап осы паркте қар барысының негізгі қорегі – Сібір тау ешкісіне әуесқойлық және трофейлік аңшылыққа шектеу қойылғандығы себеп. 

Ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау үшін мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынады. Бұл «Алтын–Емел» тау сілеміндегі қар барысы популяциясының кедергісіз көшуіне және сақталуына ғана емес, сондай-ақ ұлттық паркте арқар, түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы