424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысындағы төтенше жағдай жарияланған шалғай ауылдарға барды

  • 164
  • UPD: 14:13, 19.07.2021
Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысындағы төтенше жағдай жарияланған шалғай ауылдарға барды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева, Мәжіліс депутаттары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских және «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов Қызылорда облысындағы шалғай елді мекендерге барып, қуаңшылық орын алған ауылдарды аралады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында уәкілетті органдарға жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ете отырып, жем-шөппен толық қамтамасыз етуге, көкөніс қоймаларын салу мен жаңғыртуға ерекше назар аударуды ұсынған болатын.

Вице-спикер Балайым Кесебаева төтенше жағдай жарияланған Арал ауданында тұрғындармен кездесу барысында басты мәселе - қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғанын көптеген мәселелерді талқылады.

Халық қалаулылары Арал ауданындағы Қамбаш көлі аймағының қазіргі жағдайымен танысып, Қамыстыбас, Бөген, Қаратерең, Жаңақұрылыс елді мекендеріндегі ауыл халқымен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді тыңдады.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары аудандарды аралаудағы негізгі мақсаттарын түсіндіріп, қуаңшылық, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты орын алған жағдайды көзбен көріп, тұрғындармен тілдесіп шешу жолдарын қарастыруды жеткізді.

Б.Кесебаева қуаңшылық мәселесі жүйелі түрде айналысатын ауқымды проблема екенін, бұны аумақаралық деңгейде көтеру қажеттіне назар аударды. Сонымен қатар су мәселесіне өте байыптылықпен қарап, экологиямен мұқият айналысу қажеттігіне баса мән берді.

Өз кезігінде депутаттар өзге облыстардан тасылып жатқан жемшөпті жұртшылыққа жеткізу, жеп-шөп бағасын қолжетімді болуы үшін арзандату мәселелерін, сондай-ақ сумен қамту, бұлақ көздерін ашу секілді түйткілдерді проблемалардың шешілу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары одан әрі облыстағы Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарына және шалғай жатқан ауылдық елді-мекендерге барып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Хабар 24 телеарнасы