424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

  • 77
  • UPD: 21:13, 19.07.2021
Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

Алматыда тауда жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел-құтқару жасағы оны Мәметова шыңының мұздығынан тапқан. Ол қатты тоңып қалғаны болмаса, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Таудан өзі түскен. 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. 27 жастағы жігіт Мәншүк Мәметова көлінде түнеп, келесі күні шыңға көтерілген. Кешке жақын досына хабарласып шыңды бағындырғанын, дегенмен өздігінен түсе алмайтынын айтқан. Осыдан кейін байланыс үзілген. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағынан 6 адам және бір автотехника жұмылдырылды.

Іле Алатауында Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестіріліп жатқаны айтылған болатын

Хабар 24 телеарнасы