425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ата-аналарды ДДСҰ бағдарламасы бойынша оқыту басталды

  • 60
  • UPD: 16:00, 19.07.2021
Қазақстанда ата-аналарды ДДСҰ бағдарламасы бойынша оқыту басталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, СST бағдарламасы бойынша дамуында ерекшелігі бар балаларға күтім жасау дағдыларына ата-аналарды оқыту үшін жаттықтырушыларды даярлауды бастады.

Шымкентте 14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында өтеді. Қажетті білім мен дағдыларды игергеннен кейін олар 56 баламен отбасыларымен бірге айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Аталған бағдарламаның мақсатты тобы дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысатын адамдар болып табылады.

Курс мақсаты – ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен келісім мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту. Сондай-ақ жоба жүйкеге салмақ түсетін кездерді басқару дағдыларын дамытуды, түйткілдерді шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы. Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады. Сонымен қатар бағдарламада нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.

Хабар 24 телеарнасы