423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоқаев жалған вакцинация бойынша ІІМ жанынан арнайы топ құруды тапсырды

  • 94
  • UPD: 17:54, 19.07.2021
Тоқаев жалған вакцинация бойынша ІІМ жанынан арнайы топ құруды тапсырды

Жалған вакцина паспортын жасағандар қатаң жазалансын. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте қадап айтты.

Өйткені, бұл жағдай иммунизация процесін тежейді. Айналып келгенде ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етеді. Сондықтан, осындай деректерді уақытылы анықтап, оған қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

«Біздің мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетті. Енді – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакциналау», – деді Президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жалған паспорт жасаушылардың жолын кесу үшін Ішкі істер министрлігі жанынан ведомствоаралық арнайы топ құрып, бүкіл жұмысты үйлестіруді тапсырды. Ол қоғам тарапынан көтерілген мәселелерді реттеп, тиісті шешімдер қабылдап отырады.

Хабар 24 телеарнасы