БҚО-да ПТР нәтижесін жаңартып бергендер анықталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз медициналық құжат жасаған 2 адам ұсталды.

Олар тапсырыс берушіге ескі ПТР тест нәтижесін жаңартып берген. Сонымен қатар шекарадан емін-еркін өту үшін Ресейдегі денсаулық сақтау ұйымының шақырту қағазын қолдан дайындаған.

Полицейлер тексеріс барысында құжаттар, ноутбук пен қомақты қаражат тапты. Екі күдікті де 19 жаста. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ...