ШҚО: шалғай жатқан ауылдарда екпе науқаны қарқынды жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданы тұрғындарының 40 проценті толық вакциналаудан өтті.

Шалғай жатқан ауылдарда екпе науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Выдриха ауылында жергілікті меценаттар амбулаторияға дәрі-дәрмек сақтайтын тоңазытқыш сыйлаған. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ, тұрғылықты жерінен вакцина салдыра алады. Аудан бойынша екпе егуге арналған 11 кабинет пен 1 жылжымалы медицина кешені жұмыс істейді.

Александр Диль, Выдриха ауылының тұрғыны:

Бір айдай ойландым. Ақырында вакцина салдыруды шешіп, бүгін, міне, егілдім. «Спутник В» вакцинасын салды. Теріс әсері жоқ. Өзімді жақсы сезініп тұрмын.

Екатерина Соловьёва, медбике:

Тұрғындар хабарласып та сұрап жатыр. Алдын ала жазылып та қояды. Белсенділік артып келеді. Вакцина жетіп жатыр. Керек кезде 150 препаратқа тапсырыс бергенбіз, міне, келіп те үлгерді.

Сондай-ақ...