424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

  • 77
  • UPD: 18:39, 19.07.2021
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Айдарбекұлы Биғари берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рүстем Биғари 1976 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын, Бостон университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Тұрақты даму ұлттық экологиялық орталығының Бағдарламалар мен жобалар мониторингі комитетінің консультанты қызметінен бастады.

2006-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі болды.

Хабар 24 телеарнасы